" Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы  бойынша білім бөлімінің Новый Колутон ауылының жалпы білім беретін  орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная  школа села Новый Колутон отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін 6 жасқа дейінгі балаларды кезекке қою

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020883#z55

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 19 маусымы № 254

Бұйрықпен бекітілді

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңдарына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген.

2. Қағидалар түріне, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдамаларды беру, құжаттарды қабылдау, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау) тәртібін айқындайды.

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) архив - мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдаманы табысты алуға байланысты немесе осы Қағидаларда көзделген басқа да себептер бойынша кезектен алынған өтініштер жиынтығы;

2) блокчейн технологиясы - түзетуге жатпайтын деректерге өзгерістер енгізуді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір қағидалар бойынша деректерді сақтау және өңдеу архитектурасын құру тәсілі;

3) бос орын - баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін мектепке дейінгі ұйым, жас тобы, тәрбиелеу және оқыту тілі, жас кезеңі, топтың түрі (жалпы дамытушы, арнайы), жұмыс тәртібі (толық күн болатын, жарты күн болатын, тәулік бойы болатын), қабылдау тәртібі (жалпыға бірдей белгіленген, ерте брондау, уақытша болу), мектепке дейінгі ұйымға баратын күні бойынша шектеулердің болуын және қабылдаудың басталатын күні көрсетілген бос орын туралы ақпарат;

4) босаған орындар бюллетені – кезектілікті басқару жүйесіне бөлу үшін мектепке дейінгі ұйымдардан бос орындарды беру хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама;

5) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;

6) жалпыға бірдей белгіленген қабылдау тәртібіндегі бос орын - жолдама алғаннан кейін жолдаманың қолданылу мерзімі бірден есептелетін бос орын;

7) ерте брондау тәртібіндегі бос орын – орын нақты босағанға дейін ерте жолдама алуға болатын бос орын; жолдаманың қолданылуын есептеу мерзімі және мектепке дейінгі ұйымға қабылдау рәсімі орын нақты босатылғаннан кейін басталады;

8) кезектілікті басқару жүйесі – мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қоюға және орындарды бөлуге өтініштерді қабылдаудың бизнес-процестерінің автоматты орындалуын қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі;

9) кезектілік нөмірі – осы кезекте басқа да өтініштерге қатысты кезектегі өтініштер реті;

10) кері қайтарылып алынған орындар бюллетені – кезектілікті басқару жүйесіне мектепке дейінгі ұйымдардан бұрын бөлуге берілген орындарды қайтару (кері қайтарып алу ) хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама;

11) мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) – мектепке дейінгі ұйымға қабылдау және тиісті құжаттарды рәсімдеу кезеңінде мектепке дейінгі ұйымнан өтініш берушіге орынның уақытша сақталуы туралы хабарлама;

12) өтініштер кезегі (бұдан әрі – кезек) - кезектілікті басқару жүйесінде табысты тіркелген және осы Қағидаларға сәйкес бір-біріне қатысты реттелген мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға арналған өтініштер;

13) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

14) тоқтату парағы – өтініш берушілер тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда жолдама алу мүмкіндігі тоқтатылған, кезектен алынған өтініштер орналастырылатын уақытша архив;

15) уақытша болуға арналған бос орын – уақытша кеткен тәрбиеленушінің мектепке дейінгі ұйымда сақталатын бос орны, сондықтан осы орынға қабылданатын баланың келу мерзімі шектеулі болады;

16) хабарлама – өтініш берушіге мектепке дейінгі ұйымнан орын алудың белгіленген кезеңдерінен өткені туралы хабарлау мақсатында кезектілікті басқару жүйесімен жолданған электронды мәтіндік хабарлама.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

2-параграф. «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

31. «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет) барлық түрлердегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

32. Балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында сәйкес құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізілімінде берілген.

Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрінеді, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасының біреуі немесе баланың заңды өкілі арасында жасалған келісім шарт негізінде көрсетілетін қызметті беруші баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуші құжаттарды түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын 30 минут бойы тексереді. Толық болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті қарастырудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап дайындайды, ол өтініш берушінің порталдағы «жеке кабинетіне» электронды құжат тұрінде жолданады.

Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші электронды сұранымды толтырады және құжаттардың электронды көшірмелерін тіркейді; электронды сұранымды өңдегеннен (тексергеннен, тіркеуден) кейін көрсетілетін қызметті алушыға электронды сұранымның мәртебесі, балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды құжат түріндегі балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін – баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.

Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

33. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

34. Көрсетілетін қызметті беруші келесі себептермен баланы қабылдамайды:

1) өтініш беруші келісім шарт жасау үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған немесе құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кетсе (баланың денсаулық паспорты және келісім шарт жасалған күннен 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынбауы);

2) талап етілген құжаттарға сәйкес балада мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін медициналық қарсы көрсетілімдері болса;

3) растайтын құжаттарды ұсынуда өзге де себептердің болуына байланысты.

35. Мектепке дейінгі ұйымдарда тұрақты немесе уақытша болуға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау оларда бос орындар болған жағдайда жыл бойы жүргізіледі.

36. Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Шағым көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына

1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушіге

_______________________________

мекенжайында тұратын

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)(бұдан әрі – Т.А.Ә.)

қағаз түрінде толтырған жағдайда)

__________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

__________________________________

өтініш.

_________________________________________________________________

                                           қала (кенті, ауылы)

елдімекені аумағында тұратын, ЖСН _________________________________,

__________________________________________________________________

(баланың Т.А.Ә. (бар болса) қағаз түрінде толтырған жағдайда)(бар болғанда)

______________________ жылы туған баламды мектепке дейінгі ұйымға

жолдама алу үшін кезекке қоюды сұраймын.

Хабардар етемін, бала (керегін көрсету):

1) әскери қызметшінің, оның ішінде қызмет атқару кезінде қаза тапқанның, қайтыс болғанның немесе хабар-ошарсыз кеткеннің баласы (құжаттың көшірмесі);

2) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, оның iшiнде қызмет атқару кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкердің баласы (құжаттың көшірмесі);

3) заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың баласы;

4) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала (құжаттың көшірмесі);

5) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;

6) жетім бала;

7) көп балалы отбасыдан шыққан бала;

8) педагогтің баласы;

9) мүгедек баласы бар отбасынан шыққан бала;

10) жоғарыда аталған санаттардың біреуіне қатысты емес болып табылады.

Мені берген өтінішімнің жағдайындағы өзгерістер туралы төмендегідей әдістермен хабардар етуіңізді сұраймын:

1) мобильді телефондардың мынадай нөміріне ерікті нысанда жазылған электронды смс(sms)-хабарлама (екі нөмірден көп емес):

______________________________________________________________;

2) ерікті нысанда жазылған электронды email хабарлама: ______________________________________________________ бойынша.

(Өмірлік жағдайлар өзгергенде, кезектегі өтініштің жай-күйі өзгеруі мүмкін. Кезектегі өтініштер баланың туған жылына (күнтізбелік жыл) қарай өтініш берілген күннің басымдығы тәртібінде топтастырылады).

Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беретіндігімді растаймын.

                                                                                                      Қолы  _______________ Күні _____________

Мектепке дейінгі білім беру

саласында мемлекеттік қызметтер

көрсету қағидаларына

4-қосымша

Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.07.2020 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

«Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­ға құ­жат­тар­ды қа­был­дау және ба­ла­лар­ды қа­был­дау» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар ті­зі­лі­мі

1

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы

Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­дың бар­лық түр­ле­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)

2

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­дау және бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі, «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.

3

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі

30 ми­нут.

4

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны

Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де.

5

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі

Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым мен ба­ла­ның ата-ана­сы­ның бі­рі неме­се заң­ды өкі­лі араcын­да жа­сал­ған ке­лі­сім шарт негі­зін­де ба­ла­ны мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­ға қа­был­дау неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.

6

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі

Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.

7

Жұ­мыс кесте­сі

1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі мен жұ­ма ара­лы­ғын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бел­гі­ле­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.00-ге дей­ін.

Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.

Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді;

2) пор­тал­да: жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ға­нан кей­ін жү­гін­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ең­бек за­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рі ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де бе­рі­ле­ді).

Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:

1) Ми­ни­стр­лік­тің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;

2) www.​egov.​kz. пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.

8

Мем­ле­кет­тік қыз­мет

көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі

көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:

1) қа­был­да­у­ға ар­нал­ған жол­да­ма (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні ішін­де жа­рам­ды);

2) «Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 19 мау­сым­да­ғы № 254 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 20883 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі - Қа­ғи­да­лар) 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;

3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның (ата-ана­сы­ның бі­рі­нің неме­се заң­ды өкі­лі­нің) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);

4) ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);

5) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 065/е ны­сан­ды про­фи­лак­ти­ка­лық ек­пе­лер­дің кар­та­сы;

6) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 027/е ны­сан­ды анық­та­ма;

7) пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­я­ның қо­ры­тындысы (ерекше бі­лім бе­ру­ді қа­жет ете­тін ба­ла­лар үшін).

Пор­тал­ға:

1) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­ға қа­был­да­у­ға ар­нал­ған жол­да­ма (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні ішін­де жа­рам­ды);

2) Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;

3) ата-ана­сы­ның неме­се заң­ды өкіл­де­рі­нің бі­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);

4) ба­ла­ның ту­уын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);

5) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 065/е ны­сан­ды про­фи­лак­ти­ка­лық ек­пе­лер­дің кар­та­сы (элек­трон­дық кө­шір­ме);

6) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 027/е ны­сан­ды анық­та­ма (элек­трон­дық кө­шір­ме);

7) пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­я­ның қо­ры­тындысы (ерекше бі­лім бе­ру­ді қа­жет ете­тін ба­ла­лар үшін) (бар болған­да ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі).

Ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар шек­теу іс-ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асыр­ған, тө­тен­ше жағ­дай­лар ен­гі­зі­л­ген, бел­гі­лі бір аумақ­та әле­умет­тік, та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­лар­да, осы аумақ­та тұ­ра­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар шек­теу іс-ша­ра­ла­ры­ның алы­нуы­на, тө­тен­ше жағ­дай­лар қол­да­ны­сы­ның тоқ­та­ты­луы­на қа­рай осы тар­мақ­тың бі­рін­ші аб­за­цы­ның 4), 5) және 6) тар­мақ­ша­ла­рын­да және екін­ші аб­за­цы­ның 4), 5) және 6) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ті­ке­лей бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на ұсы­на­ды.

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды.

9

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер

1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;

2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;

3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;

4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­де көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың то­лық топ­та­ма­сын ұсын­ба­ған және (неме­се) қол­да­ны­лу мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да.

10

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар

Құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут. Қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.

Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген.

Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон­да­ры: 1414, 8-800-080-7777.

Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

Мектепке дейінгі білім беру

саласында мемлекеттік қызметтер

көрсету қағидаларына

5-қосымша

Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 14.07.2022 № 264 (қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нысан

________________________________

(мектепке дейінгі ұйым)

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

          Мен, ______________________________________________________________________________

                                                                 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1) дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді;

2) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық беруді;

3) дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуды қамти отырып, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 2 және 4-қосымшаларының 8-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу үшін келісім беремін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.

Осы келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.

          _______________           _______________________________________

                    (қолы)                               (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 19 маусымы № 254

бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10981 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 8 мамырда, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 23 шілдеде № 138 (28616) жарияланған).

2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 58 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13255 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 10 наурызда жарияланған).

3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 518 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 3 қарашада № 15966 тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 15 қарашада жарияланған).

 

Жаңартылған күні: 31.10.2024 17:24
Құрылған күні: 31.10.2024 17:24

Текст