" Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы  бойынша білім бөлімінің Новый Колутон ауылының жалпы білім беретін  орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная  школа села Новый Колутон отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аттестатты жоғалтып алсаңыз.

Сіз мектеп аттестатыңызды немесе дипломыңызды жоғалттыңыз. Құжаттың телнұсқасын мемлекеттік қызметтер арқылы алуға болады. Ақмола облысының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижені беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: 1) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» қағидаларында айқындалған.

Жаңартылған күні: 24.02.2023 09:45
Құрылған күні: 24.02.2023 09:45

Текст