Текст
24.10 11-сыныбының сынып жетекшісі "Үйден тыс тамақтану"тақырыбында ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы аясында сабағын өткізді. Ата-аналар сабақ барысында белсенді қатысып,пікірлерімен,тәжірибелерімен бөлісті, қойылған міндеттерді шешу жолдарын іздеді. Мақсаты: ата-аналарға жасөспірімдердің тамақтануын олардың денсаулығын нығайтудың факторы ретінде жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу. Құндылықтар: ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, дұрыс үлгі, белсенді өмірлік ұстаным.