Мектепте ата-аналарға психология-педагогикалық қолдау көрсету орталығы жұмыс істей бастады. 2023 жылдың қазан айында мектепте ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істей бастады. Мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Міндеттері: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту үшін ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасының өзара әрекеттесуін күшейту;
Отбасындағы тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың ынтасын арттыру. Іске асыру принциптері:
1. Ұлттық мәдениетке, құндылықтар мен дәстүрлерге сүйену;
2. Процестің гуманистік бағыттылығы;
3. Ата-ана тәрбиесін саралау және даралау;
4. Қазіргі ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалану;
5. Кең әлеуметтік әріптестік, білікті сарапшылар мен ресурстық ұйымдарды тарту