" Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы  бойынша білім бөлімінің Новый Колутон ауылының жалпы білім беретін  орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная  школа села Новый Колутон отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

18 ақпан күні Г. К. Аутаева сыныптан тыс іс-шара өткізді.

«Ойна да біл!» ойыны

 

Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілге деген қызығушылығын

ойындар арқылы шыңдау. Есте сақтау қабілеті мен білімдік дағдыларын сабақтан тыс іс-шараларда байқау.

Дамытушылық: білімдері мен ой-танымын жан-жақты дамыту, қосымша  ізденуге баулу. Оқушылардың экономика, нарық, үнемшілдік туралы түсінігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: елжанды болуға тәрбиелеу. Туған елі мен жеріне деген құрметі мен  ықыласын ояту.

Көрнекі құралдар: «Ойна да біл!» жазуы, әр түрлі сұрақ-жауап белгілері.

 

 Тыс іс-шараның өту барысы:

    Бүгінгі «Ойна да біл!» ойыны «Қазақ тілі мен әдебиет» апталығына арналады. Сондықтан сендерге қызықты, тартымды болып өтуі үшін сайыстың аты «Ойна да біл!» деп аталады. Балалар үш топқа бөлінеді. (түстер бойынша) Қызыл, жасыл, көк.

 

  1. тапсырма

 Үлкен шеңберді тоғызға бөліп. Бір бөлікте үш сұрақтан жасырынған.  Әр топ үш сұраққа жауап береді, шеңберді жапсырады.

Жарыстар өтсін әр алуан

Сынасын күшін барлық жан

Жүлдесін алып шаттансын

Білімді мықты әрбір жан.

Ал, келіңдер, келіңдер

Бір-біріңе еріңдер

Біліміңді тексеріп

Сайысқа қатысып көріңдер!

 

Шеңбердегі 1- ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар

1-сұрақ: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды?

1991 16-желтоқсан

2-сұрақ:  : Аң аулауға көмектесетін құс.

бүркіт

3-сұрақ:  : Қазақ ертегісіндегі айлакер, қу кейіпкер кім? (безбородый обманчик)

Алдар көсе

 

Шеңбердегі 2-ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар

1-сұрақ: Абайдың шын аты, есімі кім?

Ибрагим

2-сұрақ: Түйенің сүтінен дайындалған сусынның аты қалай?

шұбат

 3-сұрақ: Тоқтар Әубәкіров кім?

Ғарышкер

 

 

Шеңбердегі 3-ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар

1-сұрақ: Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың тілдер күні.

22-қыркүйек

2-сұрақ:  Жылқының сүтінен дайындалған сусынның аты қалай?

қымыз

3-сұрақ:  : Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

9

 

  1. тапсырма

 Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Отан-оттан да ыстық. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл т.б.

 

 Әр топ үш мақалды орыс тілінде аудармасың табуға қажет.

 

1 топқа тапсырма:

1)Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас

Нет земли лучше Родины, нет людей лучше, чем на Родине.  

2)Отанды сүю – от басынан басталады

Любовь к Родине у семейного очага зарождается.

3)Отан оттан да ыстық.

Родины тепло – огня жарче.

 

2 топқа тапсырма:

1)Ел іші – алтын бесік

Родная земля – золотая колыбель. 6.

2) Пәлен жерде алтын бар, Өз жеріңдей қайда бар

 Где-то, говорят, золота навалом, но Родина лучше и без золота даром. 7

3) Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен де жақсы

Все земли хороши, а своя – всех лучше. 8. Туған жердің жуасы да тәтті. И лук на Родине сладок.

 

3 топқа тапсырма:

1)Әркімнің өз жері – жұмақ.

Каждому родная земля – рай. 1

2). Ер елінде, Гүл жерінде.

Цветы лишь на своей поляне – цветы, человек лишь на Родине – человек.  

3)Отан – елдің анасы Ел – ердің анасы

Родина – мать народу, народ – мать джигиту.

 

3 тапсырма

 Бір алақанды сызып , саусақтың атауыларын жазады.   

 Бас бармақ – большой палец;

балаң үйрек– указательный палец

ортаң терек– средний палец

 

 шылдыр шүмек– безымянный палец

 титтәй бөбек– мизинец

Рефлексия

Әр топ түрлі түсті стикерге ( қызыл, жасыл, көк) бір-біріне жақсы сөз жазып береді.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 20.02.2020 10:40
Құрылған күні: 20.02.2020 10:40

Текст