Текст
«Новый Колутон орта мектебі» ММ-де география және өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі И.А.Стрижак 2020 жылы 25 ақпанда «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» атты дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Новый Колутон және Старый Колутон орта мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен ролі мәселелерін талқылау соңында оқушылар Қазақстан Республикасының жастарына үндеу жолдады. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. Концерттен соң қатысушылар мен қонақтарды еліміздің түрлі ұлттарының тағамдары қойылған бай дастархан қарсы алды.