Текст
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
|
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
1) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі
|
1 (бір) жұмыс күні
|
|
4
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде
|
|
5
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері
|
Портал арқылы «жеке кабинетке» жүгінген жағдайда, қызмет алушыға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және оқуға қабылдану туралы немесе осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жолданады.
Хабарламада қызмет көрсетуші ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ең алдымен аумақтық қызмет көрсету аймағына тиесілі болып табылатын және бірінші болып өтініш берген 3 (үш) қызмет алушыны, содан кейін тіркелгендердің ішінен қызмет көрсету аймағына жатпайтын 1 (бір) үміткерді қабылдау туралы мәлімет көрсетеді.
Қызмет көрсетушіге (қағаз түрінде) жүгінген жағдайда:
келісім болғанда – қызмет алушыға Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
бас тарту болғанда – Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 19-1-бабының 2-тармағына және (немесе) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес қызмет алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
|
|
6
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1. көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қызмет алушылардың құжаттарын қабылдау көрсетілген кестеге сәйкес 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
2. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1. көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2. www.egov.kz порталында орналасқан.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
|
- порталға:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің өтініші;
2. ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт»;
3. баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi;
4. оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарға оқуға қабылдау үшін негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың болуы міндетті шарт болып табылады. - көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің өтініші;
2. баланың туу туралы куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
3. қызмет алушының жеке куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
4. ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт»;
5. баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi;
6. оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарға оқуға қабылдау үшін негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың болуы міндетті шарт болып табылады.
Тиiстi мемлекеттiк органдар шектеу iс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгiзілген, белгiлi бiр аумақта әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда шектеу шараларын алып тастау, төтенше жағдайды тоқтату шаралары қабылданға дейін 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт» медициналық анықтамаларды осы аумақтағы көрсетілетін қызметті алушылар тікелей білім беру ұйымына қажеттілігіне қарай береді
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздеме
|
1. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2. көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3. уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4. көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5. көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
7. сынып - жинақтардың толық болған кезінде.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптары
|
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы, және бірыңғай байланыс-орталығы «1414», 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары: Порталдағы «жеке кабинеттен» ақпарат сұралатын тұлғаның келісімімен, үшінші тұлғалардың электрондық сұранысы.
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Электронды – 1 (бір) жұмыс күні;
Қағаз түрінде – 3 (үш) жұмыс күні.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
– портал арқылы:
қызмет алушының «жеке кабинетіне» білім алушыны бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауыстыру туралы хабарлама келіп түседі. Хабарламада Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефон, пошта мекенжайы, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс)) көрсетіледі және ол қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда – қызмет көрсетуден бас тартудың уәжделген себебі көрсетіліп, осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 7) тармақшасында көзделген бас тарту себептері көрсетіледі.
– Қағаз түрінде:
көрсетілетін қызметті беруші қабылданғанын растайтын келген білім алушыны есепке алу талонын береді, ол білім алушы шығып жатқан білім беру ұйымына ұсынылады немесе негізделген бас тарту үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш пен (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Қабылданғанын растайтын келген білім алушыны есепке алу талоны 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарамды.
Білім алушы шығып жатқан көрсетілетін қызметті беруші қабылданғанын растайтын келген білім алушыны есепке алу талонының негізінде қызмет алушыға кетуі туралы есептен шығару талонын және білім алушының жеке ісін береді.
Қызмет алушы құжаттарды (жеке істі) баратын көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушілер білім алушыны орта білім беру ұйымына қабылдау/шығару туралы бұйрық шығарады және салыстыру жүргізеді.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Жұмыс уақыты
|
1. Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1. көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2.www.egov.kz порталында орналастырылған
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
- портал арқылы:
көрсетілетін қызметті алушының Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші.
- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):
1. көрсетілетін қызметті алушының Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші;
2. 263 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес, білім беру ұйымына ұсынылуы тиіс білім алушыны келген білім алушыны есепке алу талоны ұсынылады. (Аталған талап Республика Қазақстан шегінен тыс жерге кететін білім алушылардан басқа барлық жағдайларда қолданылады. Шетелге шығатын білім алушылар бұл ретте Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққанын растайтын құжатты ұсынады.)
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2. көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3. уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4. көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5. көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
7. сынып - жинақтардың толық болған кезінде.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
|