Текст
2023 жылғы 17 наурызда "Жаңа Колутон ауылының ЖБМ" КММ мектеп асханасына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында мыналар анықталды: пісірілген тағамдар асханада ілінген мәзірге сәйкес келді. Асхана қызметкерлері тағамдардың тағамдық және энергетикалық құндылығының санитарлық ережелерінің талаптарын сақтайды. Қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Медицина қызметкері мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды, келіп түсетін өнімдердің сапасын, азық-түлікті дұрыс салу мен тамақ дайындауды, ас үй мен асхананың үй-жайларын үнемі тазалап, дезинфекциялауды қадағалайды.