Қысқы каникул кезінде мектепте өткізілген іс-шара
05/01/2018жыл 5-8 сыныптар
Қазақ тілі мұғалімі: Жунусова Меруерт Заитовна
«Кім тапқыр?» викторинасы
Тақырыбы: «Кім тапқыр!»
Мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін, туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіңе үйрету.
Сабақтың түрі: Викторина
Әдіс – тәсілдер: ойын, сұрақ – жауап, көрнекілік;
Көрнекі – құралдар: кеспелер, суреттер,шар, плакат.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Құрметті оқушылар. Сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Кім тапқыр?» викторинасы өтіп жатыр.
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі – қазіргі қазақ тілі – дамыған тіл.
- Балалар, сендер байқайсыңдар ма? Бүгін бізге қонақ келіп отыр. Қонақпен амандасайық!
- Сәлеметсіз бе! (балалар амандасады)
Ал енді сіздердің алдарыңызға «Кім тапқыр?» викторинасының қатысушыларың шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
Сайыс 4 аялдамадан тұрады:
1-аялдама «Сәлем – сөздің басы»
2-аялдама «Кім жылдам?»
3-аялдама «Тапқыр болсаң – тауып көр»
4-аялдама «Бұраландаған бишілер». Әннің мотивін табу.
Ал ендеше бірінші аялдамамызға көшейік.
• Бірінші аялдама «Сәлем – сөздің басы»
Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады. Бұл аялдамаға 5 минут уақыт беріледі. Бұл аялдамада тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2 жұлдызша таратылады.
• Екінші аялдама «Кім жылдам?»
Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса, сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
МӨСЛЙЕ –
УҒАЛЖА –
ЗСӨ –
ҚАБАС –
• Үшінші аялдама «Тапқыр болсаң – тауып көр»
Бұл аялдамада әр топтың басшылары сыналады. Әр топтың топ басшыларына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.
1 – ші топ:
- Мектеп қай көшеде орналасқан?
- Күз айларын ата?
- Неше рәміз бар?
- Туда не орналасқан?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Көктемде не болады?
- Қандай азық – түліктерді білесің?
- Қазақ тілінде неше тән дыбыстар бар?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
- Аптаның төртінші күні қалай аталады?
2 – ші топ:
- Апта күндерін ата?
- Жазда не болады?
- Әнұранның авторларын ата?
- Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
- Біздің мектеп қандай?
- Қандай мерекелер бар?
- Қазақ тілінде неше жалғау бар және ата?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Қыс айларың ата?
- Елтаңбада не орналасқан?
• Төртінші аялдама «Бұраландаған бишілер». Әннің мотивін табу.
Бұл аялдамада екі топқа ноутбуктен әннің мотиві беріледі. Әр топ бишісі шығып, билей отырып, қай би мотиві екенін табу керек. І топ – «Жаңа жыл» ІІ топ – «Наурыз»
- Ал, балалар бүгінгі «Кім тапқыр?» викторинамыз аяқталды. Сайысымыз өте қызықты болды деп ойлаймын.
Қазақ тілің жақсы біледі екенсіңдер! Жарайсыңдар!